Accessibility links

Ресей АҚШ пен одақтастар зымыранын атпағанын мәлімдеді


АҚШ пен одақтастарының Сирияға қарсы әуе соққысына наразылық білдірушілер Сирия мен Ресей туларын ұстап тұр. Дамаск, 14 сәуір 2018 жыл
АҚШ пен одақтастарының Сирияға қарсы әуе соққысына наразылық білдірушілер Сирия мен Ресей туларын ұстап тұр. Дамаск, 14 сәуір 2018 жыл

Ресей қорғаныс министрлігі өкілдері өткен түні Сириядағы нысандарға қарсы жүзден астам зымыран жіберілгені туралы мәлімдеді. Ресей әскери ведомствосының мәліметінше, Сириядағы әскери және азаматтық инфрақұрылым нысандарын АҚШ ұшақтары мен кемелері Ұлыбритания және Францияның әскери әуе күштерімен бірлесіп зымыранмен атқылаған. Ресей әскерилерінің хабаралуынша, АҚШ пен одақтастары шабуыл барысында 100-ден астам қанатты зымырандар мен "әуе-жер" класындағы зымырандарын қолданған.

ТАСС агенттігінің Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл шабуыл Мәскеу қорғап тұрған нысандарға қарсы бағытталмағандықтан, ресейлік әуе шабуылына қарсы жүйелер бір де бір зымыранды атпаған.

Ресейлік дереккөздердің хабарлауынша, Сирияның әуе шабуылына қарсы жүйесі "ондаған" зымыранды атып түсірген.

Оқи отырыңыз: АҚШ Сирияға әуеден соққы берді

Өткен түні АҚШ, Ұлыбритания және Франция Сириядағы үкімет химиялық қару жасауға пайдаланады деген күдікке ілінген нысандарға қарсы әуеден шабуыл жасады. АҚШ президенті Дональд Трамп Сирия билігінің "сәуірдің 7-і күні Дума қаласында химиялық қару қолданғанына жауап ретінде" үкімет нысандарын зымыранмен атқылау туралы бұйрық бергені туралы мәлімдеген. Батыс елдері Думадағы оқиғаға Сирия президенті Башар Асад режимі және одақтасын химиялық қаруды жою туралы келісімді бұзбауға көндіре алмаған Ресей жауапты деп біледі.

Сирия мен Ресей Думада химиялық қару қолданылғаны туралы хабарларды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG