Accessibility links

Сирия әскері Шығыс Ғутаны толық бақылауына алды


Сирияның Дума қаласында жүрген ресейлік әскери полиция. 12 сәуір 2018 жыл

Сирия билігі Дамаск маңындағы Шығыс Ғута аймағына толық бақылау орнатқанын жариялады. Бұл аудан бірнеше жыл бойы үкіметке қарулы қарсылық танытқан түрлі көтерілісші топтардың қолында болған.

Сирия қорғаныс министрлігінің хабарламасын ресейлік әскерилер растаған. Қарулы "Жейш-әл-Ислам" тобының мүшелері мен олардың отбасылары Дума қаласын тастап шыққан. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 20 мыңға жуық адам автобустармен Сирияның солтүстігіндегі түркиялық әскерилер бақылауындағы территорияға жөнелтілген.


Сәуірдің 7-ікүні дәл осы Дума қаласында шабуыл кезінде химиялық қару қолданылғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін АҚШ, Ұлыбритания мен Франция сәуірдің 14-іне қараған түні Сириядағы үкімет нысандарына зымыранмен соққы берген. Батыс елдері Башар Асад режимін химиялық қару қолданды деп айыптайды, Дамаск пен Мәскеу оны жоққа шығарып келеді.

Думадағы ықтимал химиялық шабуылдан кейін көп ұзамай көтерілісшілер қаланы тастап шығуға келіскен.

Думаға жақын уақытта Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымының сарапшылары тексеру жүргізу үшін барады деп жоспарланған. Сенбі күні ұйым сарапшылары Дамаскіге жеткен.

AzattyqTV

Жаңаөзеннің жазылмаған жарасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00
Қайрат Досмағамбетов

Жаңаөзеннің жазылмаған жарасы

XS
SM
MD
LG