Accessibility links

Батыс елдері Сирия бойынша жаңа қарар жобасын ұсынды


БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли (оң жақта) мен Ұлыбританияның тұрақты өкілі Карен Пирс. Нью-Йорк, 14 сәуір 2018 жыл
БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли (оң жақта) мен Ұлыбританияның тұрақты өкілі Карен Пирс. Нью-Йорк, 14 сәуір 2018 жыл

АҚШ, Ұлыбритания мен Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Сирия бойынша жаңа қарар жобасын ұсынды деп хабарлады AFP агенттігі. Франция әзірлеген құжатта Дума қаласында жасалған ықтимал химиялық шабуылды зерттеу үшуін "тәуелсіз тетік" құру қарастырылған.

Жобада Сирия президенті Башар Асадты Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйыммен ынтымақтастық орнатуға шақырған. Қазір аталған ұйымның мамандары АҚШ пен одақтастары Сирия әскері "химиялық қару қолданған" деп санайтын сәуірдің 7-і күні Дума қаласына жасалған шабуылға зерттеу жүргізіп жатыр.


Құжатта Сирия үкіметі көтерілісшілермен "конструктивті" және "ешқандай алғышартсыз" келіссөздер бастағаны жөн деп жазылған. Сонымен бірге онда "гуманитарлық жәрдемді кедергісіз жеткізу" қажеттігі айтылған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарар жобасын сәуірдің 15-і күні талқылайды. Дауыс беру мерзімі әлі жарияланбаған.

Сенбіге қараған түні АҚШ пен одақтастары Ұлыбритания және Франция осыдан бір апта бұрын Дума қаласында жасалған ықтимал химиялық шабуылға жауап ретінде Сириядағы үкімет бақылауындағы кей нысандарға әуеден соққы берген. Ресей бұл соққыны "агрессия" және "БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқықты бұзу" деп айыптайтын қарар жобасын БҰҰ Қауіпіздік кеңесіне ұсынған. Ресейдің өзінен басқа Қытай мен Боливия ғана қолдау білдірген құжат қабылданған жоқ.

XS
SM
MD
LG