Accessibility links

Түркіменстанда жол апатынан ондаған адам қаза тапты


Тұркіменстан.

14 сәуірде Түркіменстанда болған жол апатынан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметіне полициядағы дереккөзі хабарлаған.

Түркіменстанда Геокдере деген атпен танымал бұл демалыс мекені Ашхабадтан 20 шақырым жерде орналасқан. Полицияның мәлімдеуінше, апаттан зардап шеккендер саны 15 сәуір таңертең 17 адам болған. Нақты қанша адам жараланғаны белгісіз.

Жол полициясы автобус лық толы болғандықтан және ауа райы қолайсыздығынан апатқа ұшыраған деп болжайды. Жолаушы толы автобус ылғал асфальттен шетке шығып кетіп, аударылып түскен болуы мүмкін.

Чули шатқалында көбіне мемлекеттік қызметкерлері демалатын орындар мен балалар лагерьлері орналасқан. Билік пен ресми БАҚ жол апаты мен зардап шеккендер туралы ешқандай мәлімет таратпады. Апат болған аудан қоршалған.

AzattyqTV

AzatNews 19.10.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:56 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG