Accessibility links

Министрлер ресейлік журналист сөзіне жауап берді


Қазақстан Сыртқы істер министрлігі (Көрнекі сурет).
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі (Көрнекі сурет).

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ресейлік журналист әрі тележүргізуші Владимир Соловьевтің Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы туралы пікіріне түсінік берді.

Үкімет үйінде журналистер сұрағына жауап берген Ашықбаев Қазақстан екі ел қарым-қатынасында Ресей мемлекеттік органдарының ресми пікіріне сүйенетінін айтты.

"Амал не, көрші, бауырлас, достық пейілдегі елде осы тектес пікірлер айтылып қалады. Бізде үкімет, мемлекеттік органдар деңгейінде сенімді конструктивті диалог орнаған, сондықтан ресми ұстанымға қараймыз" деді ол.

Ашықбаев Сыртқы істер министрлігі (СІМ) сарапшылар, қоғамдық тұлғалар айтқан пікірлердің екі ел қарым-қатынасына кері әсер етпеуі үшін арнайы шаралар қолданатынын айтты.

Ал Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Соловьев деген журналисті білмейтінін, хабарды көрмегенін айта келе "мұндай сөздер назар аударуға тұрмайды" деді.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі ресейлік қарар жобасын қолдамады

Соловьев 15 сәуірде өзінің телебағдарламасында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ресейдің Сирияға АҚШ пен одақтастарының зымыраннан соққы жасағанын айыптайтын қарарына дауыс бермегенін меңзеп, екі ел арасында "түсінбейтін бір жайт болды ма, екі ел арасында қара мысық жүгіріп өтті ме?" деген сауалдар қойған.

"Ресей енді Қазақстанға көз аларта бастады"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00

XS
SM
MD
LG