Accessibility links

СҚО әкімдігі: Биыл тозған 605 ғимарат сүріледі


Антон Федяев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Петропавл, 18 сәуір 2018 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) биыл апатты жағдайда тұрған және жөндеуге келмейтін 605 ғимарат сүрілетін болды деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев облыстық әкімдікте өткен жиында. Оның сөзінше, өткен жылы мүлікті түгендеу нәтижесінде облыста 1122 бос тұрған ғимарат есепке алынған. Былтыр жоспардағы 306 нысанның 299-ы сүрілген.

- 2017 жылы 17 нысан қайта қалпына келтірілді, ал 2018 жылы 58 ғимарат қайта жөнделеді. Одан өзге, жеті аудан мен Петропавл қаласында осындай бос тұрған 114 ғимараттың иелері бар болып шықты. Аудан әкімдері олардың қожайындарымен қайта жөндеу немесе сүру бойынша жұмыс істеуі керек, - облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев.

Бұл жұмысты орындауға бір ай уақыт берілді. Ендігі тексеруде тапсырма орындалмаса, апатты жағдайда тұрған нысандардың иелеріне 5-тен 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлеміне дейін айыппұл салынады. СҚО әкімі Құмар Ақсақалов облыста қараусыз қалған ғимараттар бірнеше жылдан бері тұрғанын, иелері оларды "сатып құтылғысы келетінін" айтып, егер қалпына келтіргісі келмесе сүріп тастау керегін мәлімдеді.

  • 16x9 Image

    Нұргүл АЛИНА

    Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және  әлеуметтік білімдер магистрі. 

    Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.

     

XS
SM
MD
LG