Accessibility links

Қазақстанда банктерді сауықтыру бағдарламасы тоқтайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 18 сәуірде Астанада Ұлттық банк өкілдерімен кездесіп, 2017 жылғы есепті тыңдады. Назарбаев жиында екінші деңгейлі банктерді сауықтыру жөніндегі Ұлттық банк бағдарламасы тоқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

– Мемлекет үш триллион теңгеден астам қаражат бөліп, банк жүйесіне бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетті. Бұл ретте, банктер тарапынан берілген несиенің көлемі артпай, 2017 жылдың соңында 12,7 триллион теңгені құраған. "Пайдасы аз" несиенің үлесі – 10 пайыз. Биыл көрсеткіштері өте нашар банктерді сауықтыру жөніндегі Ұлттық банк бағдарламасы тоқтатылады. Акционерлері дұрыс басқара алмағандықтан бұл банктер қарызға батып, салымшылар алдында өз міндеттемелерін орындай алмады. Сол себепті көрсеткіштері нашар болды, - деді ол.

Назарбаев елдегі Astana bank, Qazaq banki және Эксим банктің жұмысын нашар деп бағалап, акционерлері мен басшыларын сынады. Оның айтуынша, бұл банктердің салымшылар алдында қарызы бар.

Оқи отырыңыз: Бюджет триллиондары есебінен "сауықтыру"

Назарбаев "7-20-25" ипотекалық баспана бағдарламасын биыл іске қосуды тапсырды.

Қазақстан президенті Ұлттық қордан банк секторын сауықтыруға бір триллион теңге бөлу туралы жарлықты 2017 жылы наурызда шығарған.

XS
SM
MD
LG