Accessibility links

Өзбекстан үкіметі мәжбүрлі жұмысқа жегуді талқылады


Өзбекстанда көше тазалап жүрген бюджеттік қызметкерлер.
Өзбекстанда көше тазалап жүрген бюджеттік қызметкерлер.

Өзбекстан үкіметі дәрігерлер мен мұғалімдерді міндетінен тыс жұмысқа жегу мәселесін талқылады. Жиналыста елдің премьер-министрі Абдулла Арипов мәжбүрлі жұмысқа тарту енді төтенше жағдаймен теңестірілетінін айтты.

Премьер-министрдің сөзінше, мәжбүрлі жұмысқа жегу заңдар мен халықаралық ережелерді өрескел бұзып қана қоймай, халықтың наразылығын тудырады.

"Осылай кете берсе, мұғалімдер мен дәрігерлер өз саласын қалай дамытады? Білім сапасын арттыру мен оны балаларға үйретудің орнына, ұстаздар тіпті басқа жұмыстар жасауға мәжбүр. Медицина қызметкерлері халықты емдеудің орнына, мәжбүрлі еңбекке жегіледі. Олар көше тазалауға ақ халатпен шығып, сол киімдерімен ауруларды емдейді" деді Абдулла Арипов.

Бұған дейін Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Комил Алламжонов Шавкат Мирзияев бюджеттік қызметкерлерді көше тазалау мен мақта тергізуге мәжбүрлемеудің құқықтық механизмін дайындауды тапсырғанын хабарлаған.

Оқи отырыңыз: "Мұғалім мен дәрігерді жұмысқа жегу – сатқындық"

Мирзияев сәуірдің 13-і күні елдің Сырдария облысы Сейхунабад ауданына барған сапарында мұғалімдер мен дәрігерлерді көше тазалауға шығарған әкімдер және бастықтар қызметінен қуылатынын ескерткен.

Оқи отырыңыз: Мұғалімдер шөп орып, көше тазалағанын да айтады

XS
SM
MD
LG