Accessibility links

AI: Астана Ақмарал Тобылованы қудалауды тоқтатсын


Алматы тұрғыны Ақмарал Тобылова.
Алматы тұрғыны Ақмарал Тобылова.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін тыйым салынған "қоғамдық қозғалысты қолдады" деп айыпталған аяғы ауыр әйел Ақмарал Тобыловаға қарсы істі тоқтатуға шақырды.

Лондонда орналасқан ұйым 18 сәуірде таратқан мәлімдемесінде 28 жастағы Ақмарал Тобылованың Қазақстанда тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының сайтын қарағаны үшін ғана айыпталып отырғанын айтады.

AI Қазақстан соты 13 сәуірде Тобылованы дәрігерге қаралуы тиіс болғандықтан кепілге босатқанын, бірақ наурыздың ортасынан бері үйқамақта отырған әйелге тағылған айып алынбағанын айтады.

Туыстарының айтуынша, Тобылова ҚДТ белсендісі болмаған және заңға қайшы әрекет жасамаған, бірақ өзіне қарсы істің не үшін қозғалғанын білмейді.

Оқи отырыңыз: Үйқамақтағы әйел дәрігер көмегіне мұқтаж

Алматы тұрғыны, дизайнер Ақмарал Тобылова 13 наурыз - Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын экстремистік ұйым деп жариялап, қызметіне тыйым салған күні ұсталған. Қазақстан билігі қуғындағы оппозиционер, президент Нұрсұлтан Назарбаевты ашық сынайтын Мұхтар Әблязов құрған ҚДТ-ны "елдің конституциялық құрылымын күшпен өзгерткісі келеді" деп біледі.

"Блогерлер, белсенділер мен қоғам өкілдері "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қолдау білдіргені үшін полицияда жауап беріп, тұтқындалып жатыр" делінген Amnesty International мәлімдемесінде.

Наурыздың соңында Amnesty International Ақмарал Тобылованы "ар-ұждан тұтқыны" деп таныған. Ұйым Қазақстанда ой-пікірін білдіру еркіндігін қатаң шектеу әлеуметтік желілерде де тарала бастағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG