Accessibility links

Головкин 5 мамырда америкалық Мартиросянмен кездеседі


Геннадий Головкин.
Геннадий Головкин.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кезекті 39-кездесуін 5 мамырда Калифорнияда өткізеді. Головкин америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен (ұлты - армян) кездеседі. Бұл туралы әлемдік ақпарат құралдары хабарлады.

Головкин (37 жеңіс, 1 тең, 0 жеңіліс) бұл кездесуде WBA, WBC, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды. Мартиросян (36-3-1) жеңіске жетсе Головкиннің атақтарын өзіне алады.

"Мартиросян карьерамдағы ең маңызды қарсылас болмақ. Оны құрметтеймін және атақтарымды қорғау үшін тынбай жаттығамын" деді Головкин.

Ал Мартиросян "Бұл кездесуге дайынсың ба деп сұрағанда бірден келістім. Ақша туралы мүлде сұраған жоқпын. Головкинді жеңетініме сенемін. Себебі ол мендей мықты қарсыласпен бұрын кездеспеген" деді.

Негізгі жоспар бойынша Головкин 5 мамырда мексикалық Сауль Альвареспен кездесуі керек еді. Бірақ Альварес "допинг қолданды" деп айыпталған. Мексикалық боксшы алты айға спорттан шеттетілді.

Головкин мен Альварестің 2017 жылы қыркүйекте өткен кездесуді тең аяқталған.

XS
SM
MD
LG