Accessibility links

Прокуратура: Жәкішевпен кездесуде кедергі жоқ


Мұхтар Жәкішевтің "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының басшысы болып тұрған кезі.

Қазақстан Бас прокуратурасы "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы, сыбайлас жемқорлық айыбымен 14 жылға сотталған Мұхтар Жәкішевпен кездесуде "кедергі жоғын мәлімдеді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Астанада өткен баспасөз конференциясында Бас прокуратураның заңды күшіне енген сот үкімдерінің заңдылығы мен олардың атқарылуын қадағалау қызметінің басшысы Қайрат Жақыпбаевтан Азаттық тілшісі Қазақстанға келген шетелдік құқық қорғаушылардың Жәкішевпен кездесуі қиынға түскені қаншалықты рас екенін сұрады. Қайрат Жақыпбаев Мұхтар Жәкішевке қатысты ақпарат жасырын емесін, туыстары онымен тұрпақты кездесіп тұратынын айтты.

"Жәкішевке қатысты өтініш жиі түседі. Туыстары онымен тұрақты кездесіп тұрады. Бірінші кезекте туыстары, одан кейін превентивті механизм өкілдері мен құқық қорғаушылар кездеседі. Ал шетелдіктермен кездестіруді КУИС (Қылмыстық атқару жүйесі комитеті - ред) өзі шешеді" деді Жақыпбаев.

Бірер күні Қазақстанға келіп, бірнеше саяси тұтқындармен кездескен шетелдік құқық қорғаушылар қамаудағы Мұхтар Жәкішевпен кездесе алмағанын хабарлаған. Польша Сеймінің (парламент) депутаты Марчин Свенчицкий мен Италияның адам құқығы жөніндегі федерациясының президенті Антонио Станго 16 сәуірде Азаттыққа Қазақстан билігі өздерін Жәкішевпен кездестіруден бас тартқанын айтқан. Свенчицкий мен Стангоның сөзінше, билік Жәкішев қатаң режимдегі түрмеде отырғандықтан оған шетелдіктердің баруына болмайды деп түсіндірген.

Прокуратура өкілі Жәкішевтің түрмеде "ем-дом көрсетіліп, дәрігерлердің тұрақты бақылауында" екенін, "ауруханаға жатқызудың қажет емесін" айтты.

"Ол қаралатын жеке клиникаларды туыстарының өзі іздейді, қай жерде қаралғысы келсе, сол жаққа алып барады. Екі аптада бір дәрігерлер тексеріп тұрады" деді Қайрат Жақыпбаев.

Прокуратура өкілінің сөзінше, Жәкішевтің созылмалы сырқаттары бар және одан емделіп тұрады. "Ол денсаулығына қатысты шағым бойынша қаралып тұрады. Оған қоғамдық бақылау комиссиясы тұрақты барады" деді Қайрат Жақыпбаев.

Оқи отырыңыз: Жәкішевтің операциядан кейінгі жағдайы жайлы дерек әртүрлі

Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған соң сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, 14 жылға сотталған. Ол жазасын Қарағанды облысының Долинка кентіндегі қатаң режимдегі АК-159/6 колониясында өтеп жатыр.

Қазақстандық құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина ақпанның ортасында Facebook-тегі парақшасында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Мұхтар Жәкішевке рақымшылық жасау туралы жазылған үндеу хатқа қол жинай бастаған. Үндеу хатта Мұхтар Жәкішевтің "жағдайы ауыр" екені, "көбінесе төсек тартып жатып қалатыны" және "күн сайын 30 данаға дейін дәрі ішетіні" жазылған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG