Accessibility links

Ереванда полиция тағы ондаған демонстрантты ұстады


Ереванның орталығында шеруге шыққан адамды полиция ұстап әкетіп барады. Армения, 20 сәуір 2018 жыл.
Ереванның орталығында шеруге шыққан адамды полиция ұстап әкетіп барады. Армения, 20 сәуір 2018 жыл.

Ереванда 20 сәуірде экс-президент Серж Саргсянның премьер-министр болып тағайындалғанына қарсы оппозиция жақтастары тағы да көшелерді жауып, көлік қозғалысына кедергі келтірді деп хабарлады Азаттықтың Армян редакциясы.

Кеше наразылық танытушылардың жетекшісі, парламенттегі оппозициялық "Елк" фракциясының басшысы Никол Пашинян "Еревандағы бүкіл көше мен метро станцияларын жабуға" шақырған.

Полиция акцияға шыққан демонстранттарды әлі ұстап жатыр. Бүгін таңертең полиция бөліміне 37 демонстрант, оның ішінде "Сержді қабылдама" қозғалысы жетекшілерінің бірі Давид Санасарян жеткізілді. Кейін Санасарян босатылды. Кеше полиция кем дегенде 125 адамды ұстаған. ЕҚЫҰ полицияның бейбіт демонстранттарға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға шамадан тыс күш қолданып жатқаны туралы ақпараттарға алаңдаушылық танытқан. Кеше сот азаматтық белсенді Тигран Мазманянді "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыптап, екі айға қамаған.

Ереванда мыңдаған адамның соңғы он жыл бойы президент болған Серж Саргсянның премьер-министр болуына қарсылық танытып жатқанына бірнеше күн болды. Саргсяннің президенттік өкілеті аяқталатынның алдында Армения Конституциясы өзгертіліп, ел парламенттік басқару жүйесіне өткен. Елдегі билік үкімет басшысының қолына тиді. Оппозиция Саргсянді билікті басып алды деп айыптайды.

17 сәуірде, Армения парламенті Саргсянді премьер-министр етіп сайлаған күні "Елк" фракциясының басшысы Никол Пашинян бейбіт "барқыт төңкерісі" басталғанын жариялаған.

Видео: Шеруге шыққандарды ұстау (20.04.2018)

XS
SM
MD
LG