21 сәуірде Петропавлда 2014 жылы апатты деп танылған екі қабатты тұрғын үйдің қабырғасы опырылып түсті. Қабырғасы опырылған үйге арнайы қызмет өкілдері, полицейлер, құтқарушылар мен қала әкімі келді. Петропавл әкімі Марат Тасмағанбетов зардап шегушілерге көмек жақын арада көрсетілетінін айтты.
- Бүгін бізде апатты баспаналар үшін жеке тұрғын-үй қоры жоқ. Сол себепті біз сіздерге қазір уақытша баспана береміз. Кейін бұл мәселені шешетін боламыз,- деді Петропавл әкімі Марат Тасмағанбетов.
Уральская 4 мекен-жайында орналасқан 1950 жылы салынған үйде үш отбасы яғни, 13 адам тұрған.
Петропавлда апатты деп танылған 19 көпқабатты үй бар. Азаттық осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше апатты үйдің жағдайы туралы айтқан.
Видео: 170 отбасы апатты үйде тұрып жатыр