Accessibility links

Еревандағы шерудің лидері Пашинян ұсталды


Никол Пашинян (ортада) Еревандағы наразылық кезінде.

Арменияда бірнеше күннен бері өтіп жатқан премьер-министр Серж Саргсянға қарсы митингтің лидері, оппозиция өкілі Никол Пашинянды 22 сәуірде Ереванда полиция ұстап әкетті. Бұл туралы Азаттықтың Армян қызметі хабарлады. Полиция Пашинянды Еревандағы орталық көшелердің біріндегі митинг кезінде ұстаған.

Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, шеру кезінде бір адамды жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

Он күнге жуықтаған ереуіл кезінде жүздеген адам ұсталған. 20 сәуірде Еревандағы Республика алаңындағы митингте сөз сөйлеген Пашинян билікпен келіссөз жүргізуден бас тартқан. Наразылар елдің жаңа премьер-министрі Серж Саргсянның биліктен кетуін талап етеді. 22 сәуірде Саргсян мен Пашинян келіссөз жүргізу үшін кездескен. Бірақ кездесу еш нәтиже бермеді. 21 сәуірде ел президенті Армен Саркисян наразылармен кездесіп, тарауға шақырған.

Ондаған жыл ел басқарған Саргсян президенттіктен кетер алдында билікке оралмайтынын айтқан. Кейін Армения конституциясы өзгертіліп, ел парламенттік басқару жүйесіне өткен. Елдегі билік премьер-министр қолына тиді. Оппозиция "Саргсян билікті басып алды" деп айыптайды.

AzattyqTV

Минскіде "Шығыс Еуропа: баршаның қауіпсіздігі жолында" форумы өтеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG