Accessibility links

Түркіменстан президенті Өзбекстанға сапарлап барады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев (сол жақта) пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев (сол жақта) пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 23 сәуір күні Өзбекстанға екі күндік мемлекеттік сапармен барады. Бұл жөнінде Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Комил Алламжонов Facebook-те хабарлады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Түркіменстан басшысын "Көксарай" резиденциясында қабылдамақ. Сонымен бірге екі ел президенті Ташкенттегі Ашғабад даңғылының ашылу салтанатына қатыспақ.

24 сәуірде Гурбангулы Бердімұхамедов Хорезм облысына барып, "Улли ховли" қамалы мен Хиуадағы "Ичан кала" кешеніне соғады деп жоспарланып отыр.

Дереккөздің мәліметіне қарағанда, Гурбангулы Бердімұхамедов бұл сапарында Шавкат Мирзияевтан Түркіменстан газын Ауғанстан арқылы Пәкістан мен Үндістанға жеткізетін TAPI газ құбыры жобасының құрылысына қаражат сұрауды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG