Accessibility links

"Абу-Даби Плаза" жұмысшылары жалақысын талап етті


"Абу-Даби Плаза" кешені құрылысында істейтін жұмысшылар"Нұр Отан" партиясы филиалының басшыларымен кездесіп тұр. Астана, 23 сәуір 2018 жыл.
"Абу-Даби Плаза" кешені құрылысында істейтін жұмысшылар"Нұр Отан" партиясы филиалының басшыларымен кездесіп тұр. Астана, 23 сәуір 2018 жыл.

Астанада "Абу-Даби плаза" кешені құрылысында жұмыс істейтін ондаған жұмысшы жиналып, "Нұр Отан" партиясына барды.

Мердігер World Monitor компаниясында жұмыс істейтін жұмысшылар партияның Астанадағы филиалы төрағасының орынбасары Бақыт Сапаровпен кездесіп, екі айлық жалақысын алмағанына шағымданды. Жұмысшылар сонымен қатар құрылыс басында жұмыс жағдайының нашарлығына да шағым айтты.

Азаттық компанияның өзіне хабараласа алмады. Жұмысшылар компания басшылығымен өздері де кездесе алмайтынын, себебі "олар мекенжайын жиі ауыстыратынын" айтады.

Бақыт Сапаров жұмысшылардан шағымын жазбаша күйде қабылдап алып, бұл мәселеге байланысты компания басшыларымен жиын өткізетінін және оған тиісті органдар өкілдерін шақыратынын айтты.

"Абу-Даби Плаза" кешенін салып жатқан жұмысшылар бұған дейін де жұыс беруші фирмалардың өздерін жұмыстан заңсыз босатқанына қарсылық танытқан.

Жоспар бойынша, "Абу Даби Плаза" кешені Орта Азиядағы ең биік ғимарат болуы тиіс. Құрылысы 2016 жылы аяқталады деген ғимарат әлі пайдалануға берілген жоқ.

XS
SM
MD
LG