Accessibility links

БЖЗҚ активі шетел компаниясының басқаруына беріле бастады


БЖЗҚ-ның Алматыдағы кеңселерінің бірі ((Көрнекі сурет).
БЖЗҚ-ның Алматыдағы кеңселерінің бірі ((Көрнекі сурет).

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) активтерін шетелдік компаниялардың басқаруына беру процесі басталды деп хабарлады қордың басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева. Ол бұл туралы 23 сәуір күні Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтты.

Сәуле Егеубаеваның сөзінше, қор активін шетелдік компанияның басқаруына беру туралы алғашқы келісім 2018 жылы наурызда жасалды. Қазірге дейін дамушы нарықтардың ғаламдық облигациясы мандаты бойынша 220 миллион доллар Aviva компаниясының басқаруына берілген.

"БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюта түріндегі бөлігін тікелей стратегиялық бөлу аясында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық декларация қарастырылған. Биыл наурызда 220 миллион доллар Aviva Investors компаниясына сенімді басқаруға берілді. Бұл компания Aviva PLC қаржысын басқаратын ірі топтың құрылымы саналады. Оның басқаруында шамамен 440 миллиард доллар бар" деді Егеубаева.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың соңында БЖЗҚ-ны Ұлттық банктің бақылауынан босатуға шақырған.


XS
SM
MD
LG