Accessibility links

Қырғызстан Жоғарғы соты Zanoza.kg сайты ісін қайта қарауға жіберді


Қырғызстанның тәуелсіз Zanoza.kg сайтына қарсы сот процесіне арналған көрнекі сурет.
Қырғызстанның тәуелсіз Zanoza.kg сайтына қарсы сот процесіне арналған көрнекі сурет.

Қырғызстан Жоғарғы соты тәуелсіз Zanoza.kg сайтының тең құрылтайшысы Дина Маслованың экс-президент Алмазбек Атамбаевқа өтемақы төлеу ісін қайта қарауға жіберді. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

19 сәуірде Жоғарғы сот дәл осы іске қатысты парламенттің бұрынғы депутаты Чолпон Жакупованың ісін де қайта қарауға жіберген.

Осыған дейін Бішкек соты Чолпон Жакупованың, Zanoza.kg сайтының құрылтайшылары Дина Маслова мен Нарын Айыптың әрқайсысын экс-президент Алмазбек Атамбаевқа 3 миллион сомнан (шамамен 43 мың доллар) өтемақыны бөліп төлеу туралы өтінішін қабылдамаған.


2017 жылдың наурыз және сәуір айларында экс-бас прокурор Индира Жолдубаева аталған адамдарды сотқа берген. Экс-бас прокурор Zanoza.kg мен журналист Нарын Айыпты 2015 жылдың қазаны мен 2017 жылдың наурызы аралығында жариялаған мақалаларында Алмазбек Атамбаевқа тіл тигізді деп айыптаған. Шағымданушы Zanoza.kg сайтының иелерінен Атамбаевқа қатысты мақалалары үшін 27 миллион сом (397 мың АҚШ доллары) өтемақы төлеуді, ал Чолпон Жакупова мен Омурбек Текебаевтан 13 миллион сом моральдық шығын талап еткен.

Журналист тағылған айыптың саяси астары бар дейді.

Былтыр 30 қарашада Жоғарғы сот барлық талаптар бойынша бас прокурордың пайдасына шешім шығарған.

Бұл шешімге қатысты жергілікті және халықаралық құқық қорғау ұйымдары елдегі сөз бостандығына алаңдайтынын білдірген.

XS
SM
MD
LG