Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында 16 оқушы улану белгілерімен ауруханаға түсті.
Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Жениш Байзаковтың айтуынша, оқушылардың барлығы №54 мектепте оқиды.
Науқастарды дәрігерлер бақылап отыр, оқушылардың жағдайы бірқалыпты деп бағаланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, олар оқушылардың бірінің сыныпқа әкелген белгісіз затынан улануы мүмкін. Оқиға бойынша тергеу басталды.