Accessibility links

Макрон АҚШ-та фейк ақпаратпен күресуге шақырды


Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ Конгресінде сөйлеп тұр. Вашингтон, 25 сәуір 2018 жыл.
Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ Конгресінде сөйлеп тұр. Вашингтон, 25 сәуір 2018 жыл.

Франция президенті Эммануэль Макрон демократияны қорғауда фейк ақпаратпен күресуге шақырды. Бұл туралы Макрон АҚШ Конгресінде сөйлеген кезінде мәлімдеді. Ол АҚШ-та үш күндік сапармен жүр.

Макрон сонымен қатар оқшаулану саясаты мен ұлтшылдыққа қарсы сөйледі. Оның сөзінше, мұндай шектен шығу "бүкіл әлемнің амандығына қауіп төндіреді".

Франция президенті сауда соғысының зарары болатынын айтып, АҚШ-ты өзге елдермен экономикалық ынтымақтастық мәселесінде қайта ойлануға шақырды.

Эммануэль Макрон 24 сәуір күні Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуінде Париж бен Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жаңа келіссөз дайындамақ ниетте екенін мәлімдеген. Жаңа келіссөзде Тегеран билігінің Сирия, Йемен, Ливан және Ирактағы қызметін шектеу шаралары қарастырылмақ.

XS
SM
MD
LG