Accessibility links

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея басшылары шекарада кездеседі


Панмунджом елді мекеніне жақын Солтүстік Кореямен шекарада тұрған оңтүстік кореялық әскерилер (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен екі елді бөліп тұрған демаркация сызығында кездеседі. Ким Чен Ын Оңтүстік Корея жеріне 65 жылдан кейін баратын Солтүстік Коеряның алғашқы басшысы болмақ. Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің басшысы Им Чжон Соктың хабарлауынша, кездесу 27 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9:30-да шекарада өтеді.

Екі ел басшылары арасындағы алғашқы келіссөз шекарадан оңтүстікке қарай орналасқан Панмунджом кентінде болады. Оңтүстік Корея саммитте Корей түбегін ядролық қарудан ада ету, түбекте мызғымас бейбітшілік орнатып, қос корей елі арасындағы қарым-қатынасты дамыту" талқыланатынын мәлімдеді.


Солтүстік Корея делегациясының құрамында Ким Чен Ынның әпкесі, ақпан айында Пхенчхандағы олимпиада ойындарының ашылуына қатысқан Ким Е Чжон да бар. Им Чжон Соктың айтуынша, екі ел басшылары қайың ағашын отырғызады. Бұдан соң екі жақ түстеніп, қоштасу рәсімі өтеді.

Келесі айда немесе маусымның басында Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея басшылары және АҚШ президенті Дональд Трамп қатысатын саммит өтпек.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG