Accessibility links

Исаков Атамбаевтың партиядағы орынбасары болып сайланды


Сапар Исаков, Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі.
Сапар Исаков, Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі.

Қырғызстанның отставкаға кеткен премьер-министрі Сапар Исаков биліктегі Қырғызстан Социал-демократиялық партиясының (СДП) төраға орынбасары болып сайланды. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, 27 сәуір күні СДП саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда партия төрағасының орынбасарлары болып Сапар Исаков, парламент депутаттары Асел Кодуранова және Мурадыл Мадеминов сайланды. Жиынды экс-президент, партия төрағасы Алмазбек Атамбаев басқарды.

Атамбаевтың өзі СДП партиясының 31 наурызда өткен құрылтайында төраға болып сайланған.

Оқи отырыңыз: Атамбаевтың билік партиясына оралуы қазақ-қырғыз қатынасына әсер ете ме?

40 жастағы Сапар Исаков премьер-министр қызметін сегіз ай атқарып, бір апта бұрын парламент оның үкіметіне сенімсіздік білдірген соң отставкаға кеткен. 19 сәуірде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Сапар Исаковтың үкіметін отставкаға жіберу туралы жарлық шығарған. Бұл оқиға іс басындағы президент пен бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев арасындағы қатынас нашарлай бастаған тұста болып отыр.

Көре отырыңыз: Экс-премьер Сапар Исаков тергеуге келді

XS
SM
MD
LG