Accessibility links

Армения президенті бұрынғы премьермен кездесті


Армения президенті Армен Саркисян митингіге шыққандардың арасында тұр. Ереван, 21 сәуір 2018 жыл.

Армения президенті Армен Саркисян оставкаға кеткен премьер-министр Серж Саргсянмен және премьер-министрдің міндетін атқарушы Карен Карапетянмен кездесті. Бұл туралы Армения президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Саркисян отставкаға кетсе де елдегі саяси ахуалға қатысты билікке кеңес беруін жалғастырып жатыр.

23 сәуірде Армения премьер-министрі Серж Саргсян қызметінен кеткен. Ол оппозиция он шақты күн өзіне қарсы шеру өткізген соң осындай шешім қабылдаған. Жаңа премьер-министрді сайлау 1 мамырда өтуі тиіс.

Видео: Армения неге толқыды?

Жаһан жаңалықтары. Апта 20.04.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:16:52 0:00

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG