29 сәуірде Қостанай облысы Рудный қаласындағы жол апатынан бір адам қаза тауып, он адам жарақаттанған. Alau.kz сайтының хабарлауынша, шағын автобус пен BMW көлігі соқтығысқан.
Жолаушылары бар автобус Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан. Жол апатынан шағын автобус жүргізушісі қаза тапқан. Он адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Жарақаттанғандар арасында бір жаяу жүргінші бар.
Қазақстанда жол апатынан жыл сайын мыңдаған адам қаза табады. Бұл ел әлемде жол апаты ең көп болатын елдердің қатарына енеді.