Accessibility links

Ресей олигархтары ақшаларын "офшорда сақтаған"


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейлік олигархтар Ұлыбритания территориясындағы офшорларда 47 миллиард доллар сақтап отыр. Бұл туралы Global Witness үкіметтік емес ұйымына сілтеме жасаған The Sunday Times басылымы хабарлады.

Алдағы аптада Ұлыбритания парламенті офшорларда ақша ұстап отырғандардың есімін жарияламақ. Қазір депутаттар офшорларда заңсыз ақша сақтап отырғандардың аты-жөнін жариялайтын заң жобасын дайындап жатыр. Ұлыбритания парламенті ресейліктер көбі бұл ақшаны заңсыз жолмен тапқан деп санайды.

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Лондон Скрипаль ісіне қатысты ресейлік салымшылардың активтерін уақытша бұғаттайтынын айтқан.

Global Witness ұйымының дерегінше, Ресей азаматтарының көбі өз ақшаларын Британиялық Виргин аралдарындағы офшорларға салған.

XS
SM
MD
LG