Accessibility links

Пашиняннің жақтастары қарсылық акциясын жалғастырды


Ереванда азаматтық бағынбау акциясын жалғастырған азаматтар жолды жауып тұр. Армения, 2 мамыр 2018 жыл.

Армениядағы оппозициялық "Елк" саяси блогының жетекшісі Никол Пашиняннің жақтастары 2 мамыр күні таңертең Ереван мен басқа да қалаларда азаматтық бағынбау акцияларын жалғастырды. 1 мамырда парламентте премьер-министрді сайлау үшін өткен дауыс беруде депутаттардың жартысынан көбі Пашинянға қарсы дауыс берген. Бұдан соң халық алдында сөйлеген Пашинян Армения азаматтарын азаматтық бағынбау акцияларын жалғастыруға, көшелерді, метро мен теміржолды, әуежайды, республикалық маңызы бар жолдарды жабуға шақырған. Ол сонымен қатар жоғары оқу орындарында, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде де шеруге шығуға шақырған.

Бүгін таңертеңнен бастап бір топ азамат "Звартноц" әуежайына барар жолды жапты. Оқиға орнына полицейлер барып, жағдай шиеленісе түсті.

Ереванның басқа бөліктерінде де азаматтық бағынбау акциялары өтіп жатыр. Шеруге қаладағы студенттердің біразы қосылған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG