Қазақстан парламентінің мәжілісі 2 мамырдағы пленарлық отырысында елден капиталдың шығарылуын қадағалауды және банктердің қаржылық жағдайын бақылауды күшейтетін заң жобасын қарап, екінші оқылымда мақұлдады.
Мәжіліс депутаты Дания Еспаеваның айтуынша, заң жобасында Ұлттық банктің қаржы құрлымдарын, оның ішінде екінші деңгейі банктердің жай-күйін қадағалау құқығын күшейту қарастырылған.
"Өзгерістер жобасында Ұлттық банктің төлем қабылеті нашар банктердің жағдайын реттеу, оның ішінде мемлекет қазынасының шығынын азайту үшін банктің өз акционерлері мен кредиторлары есебінен оңалтуға қатысты құзыретін күшейту қарастырылған" деді Дания Еспаева.
Депутаттың айтуына қарағанда, Қазақстанда проблемалық банктер жағдайының ауырлығына қарай қаржылық жағдайы тұрақсыз және төлем қабылеті жоқ деген екі санатқа бөлінбек.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев құжатта банк құпиясы бар қаржы операциялары туралы ақпаратты салық органдарына беру құқығы қарастырылғанын айтқан. Оның сөзінше, мемлекеттік кіріс органдарымен "белсенді өзара әрекеттесу" шаралары "елден қаржы жылыстауының алдын алу" мақсатында жасалмақ.