Accessibility links

Арменияда облыс пен қала әкімдігі қызметкерлері шеруге қосылды


Иджеван қаласындағы қарсылық шеруі. Армения, 2 мамыр 2018 жыл.
Иджеван қаласындағы қарсылық шеруі. Армения, 2 мамыр 2018 жыл.

Арменияда бүгін Тавушск облыстық әкімшілігінің қызметкерлері мен облыс орталығы Иджеван қаласы мэриясының барлық қызметкері шеруге шықты.

Облыстық және қалалық әкімдіктердің қызметкерлері Иджеванда өтіп жатқан қарсылық акцияларына қосылды. Акцияға облыс әкімшілігінің шенеуніктері мен қала мэрі қосылмады.

Тавуш облысының вице-губернаторы Левон Саргсян Азаттықтың Армян редакциясына (Азатутюн радиосы) берген сұхбатында облыстық әкімдікті қалыпты режимде жұмыс істетуге бар күшін салып жатқанын айтты. Ол сонымен қатар губернатор Овик Абовяннің жұмыс орнында екеніне сендірді.

Жергілікті банк бөлімдерінің, салық органдары мен басқа да мекемелердің қызметкерлері қосылған демонстранттар Тавуш облысындағы бірнеше жолды жапты.

Бүгін таңертеңнен бері Ереванда да жүздеген адам қарсылық акциясына шығып, қала орталығындағы Ачарян және Мясникян даңғылдарының бірнеше бөлігін жапты.

Кеше Армения парламенті бірнеше сағат премьер-министрлікке тіркелген жалғыз кандидат, оппозицияшыл "Елк" саяси блогының жетекшісі Никол Пашиняннің кандидатурасын талқылап, дауыс берген. Пашинянның кандидатурасын 45 депутат қолдап, 56 депутат қарсы дауыс берген. Қарсы дауыс бергендердің барлығы - биліктегі Армения Республикалық партиясының депутаттары.

Премьер-министр болуға жеткілікті дауыс жинай алмаған Пашинян Ереванда Республика алаңында өткен митингіде бүгін таңертеңнен бастап жаппай азаматтық бағынбау акциясын жалғастыруға шақырған.

Көре отырыңыз: Пашинян: "Жеңген - халық"

XS
SM
MD
LG