Accessibility links

Арменияда премьер-министрді сайлау 8 мамырда өтеді


Никол Пашинян, Армениядағы оппозициялық "Елк" саяси блогының жетекшісі.
Никол Пашинян, Армениядағы оппозициялық "Елк" саяси блогының жетекшісі.

Арменияда жаңа премьер-министрді сайлау 8 мамырда өтетін болды.

Әзірге жаңа үміткерлердің аты-жөні белгісіз. Парламентте көпшілік орынға ие Республикалық партия депутаттардың үштен бірі ұсынатын кандидатқа дауыс беретінін мәлімдеді.

Ереванда наразылық акциясы қайта жалғасқаннан кейін, сәрсенбі күні парламент отырысы өтпей қалды. Депутаттардың көбі жолдардың жабық болуына байланысты парламент ғимаратына кіре алмады.


1 мамырда парламент депутаттары оппозиция лидері Никол Пашинянның премьер-министр болуына қарсы дауыс берген. Осыдан кейін Пашинян халықты қайта көшеге шығуға үгіттеген.

Пашинян жақтастарын күш көрсетпей, заң аясында, бейбіт түрде наразылық білдіруге шақырған.

XS
SM
MD
LG