Accessibility links

Сирияда Ресей әскери ұшағы құлап, 2 ұшқыш қаза тапты


Латакия провинциясындағы Хмеймим әуе базасында тұрған ресейлік Су-30 әскери жойғыш ұшағы (Көрнекі сурет).
Латакия провинциясындағы Хмеймим әуе базасында тұрған ресейлік Су-30 әскери жойғыш ұшағы (Көрнекі сурет).

Сирияда ресейлік әскери Су-30М ұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқышы да қаза тапты деп хабарлады 3 мамыр күні Ресей Қорғаныс миинстрлігі.

Ведомство ұшақты ешкім атып түсірмегенін, апатқа ұшақ қозғалтқышына құс кіріп кетуі себеп болуы мүмкін екенін айтады. Ресей әскерилерінің мәлімдеуінше, Су-30М Хмеймим аэродромынан ұшып шыққан соң ұзамай, Мәскеу уақыты бойынша сағат 9:45-те құлаған.

Ұшақ апаты туралы ақпарат бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған.

Ресей Қорғаныс министрлігі Сирияда қаза тапқанын растаған ресейліктер саны 80-нен асты. Ресми мәлімет бойынша, соңғы рет Сирияда ұшақ апаты 6 наурыз күні болған. Ол кезде Ан-26 әскери жүк ұшағы апатқа ұшырап, 39 адам қаза тапқан. Құрбандардың көбі - әскерилер болған.

XS
SM
MD
LG