Accessibility links

Қырғызстанда ИМ атынан "доқ көрсеткен" видео авторын анықтап жатыр


Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті кеңсесі (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті кеңсесі (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) "Бішкекте жарылыс жасаймыз" деген экстремистік сипаттағы видеоны тексеріп жатыр. Таяуда "Бішкек билігіне талап" деген видео әлеуметтік желілерге тараған.

Видеода қара түсті бетперде киген екі ер адам "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымының туы жанында тұрып Қырғызстан билігінен "қарындастары" Мукарам Токтогулованы босатуды талап етіп, әйтпесе "көп қан төгілетінін" мәлімдеген. Видео авторлары "таяу уақытта Бішкекте ғимараттарды жарып, шабуылдаймыз" дейді.

"Видеоға қатысы бар және таратқан адамдарды тексеріп жатырмыз. Мукарам Токтогулова құқық қорғау органдарының не арнайы қызметтің күдігіне іліккен емес. Токтогулова қазір жұмыс сапарымен шетелде жүр. Сол себептен видеодағы беймәлім талаптар негізсіз" деді МҰҚК ресми өкілі Рахат Сулайманов.

Мукарам Токтогулова дәріс беретін жоғары оқу орны басшылығы бұл оқиғаға қатысты пікірі білдіруден бас тартты. Беделді оқу орнының аталған доценті бір ай бұрын ел назарын аударған. Әлеуметтік желіде Адылбек Жаркин деген азаматтың мәлімдемесі пайда болды. Жас жігіт Токтогуловамен бірге ағылшын тілі курсына барғанын, дәріс кезінде ол оккульттық қауымдастық жайында айтқанын баяндаған.

Токтогулова БАҚ-та "Ата жолы" қауымдастығына қатысы барын жоққа шығарып, университетте этнографиядан дәріс оқитынын хабарлады

Теологтар секта деп санайтын "Ата жолы" оккульттық-мистикалық қозғалысына Қазақстанда тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG