Accessibility links

БАҚ: Ұлыбритания Ресей сыртқы саясатына қарсы тұрмақ


Лондондағы Биг-Бэн мұранасы мен парламент үйі (Көрнекі сурет).
Лондондағы Биг-Бэн мұранасы мен парламент үйі (Көрнекі сурет).

Ұлыбритания Ресейдің сыртқы саясатына халықаралық деңгейде қарсы іс-әрекет етудің ауқымды жоспарын дайындап жатыр деп хабарлады осы ел үкіметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған Guardian газеті.

Басылым Ұлыбритания бұл кампанияға халықаралық ұйымдардағы серіктерін тартуды жоспарлап отыр. Ресейдің сыртқы саясатын тежеу G7, G20, НАТО және Еуропа Одағының саммиттерінде талқыланбақ.

Ресейге қарсы іс-қимылға көшуге Мәскеудің Сирияның Дума қаласындағы ықтимал химиялық шабуылға және Солсбериде Ресей сыртқы барлау қызметінің экс-агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлияны улауға қатысы барын мойындаудан бас тартуы себеп болып отыр.

Батыс елдері Сириядағы ықтимал химиялық шабуылға Мәскеу қолдайтын президент Башар Асад билігін кінәлайды. Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Ресейді Скрипальдерді улауға қатысы бар деп айыптап, оған жауап ретінде ресейлік дипломаттарды елден шығарған.

XS
SM
MD
LG