Accessibility links

Оралда әскери марштан кейін бірнеше оқушы ауруханаға түсті


Батыс Қазақстан облысының картасы.
Батыс Қазақстан облысының картасы.

Оралда 4 мамырда жеті оқушы басы айналып, облыстық балалар ауруханасына түсті. Бес оқушы дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілген. Екеуі ауруханада жатыр. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Айнагүл Сақпусунова хабарлады.

Бұған қоса, таңғы сағат тоғызда "бас жарақаты және ми шайқалу" диагнозымен бір оқушы облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылған. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқушының жағдайы бірқалыпты.

Сақпусунованың айтуынша, "оқушылар таңғы сегізден бастап ыстықта әскери формада маршпен жүрген. Оқушылардың бас айналуы осыдан болуы мүмкін".

Алдағы күндері Оралда Отан қорғаушылар күніне орай қала оқушыларының қатысуымен әскери шеру өтпек. Қалада соңғы екі күнде ауа райы +28 градусқа дейін жетті.

XS
SM
MD
LG