Солтүстік Корея ВашингтонСолтүстік Корея Вашингтонды "Пхеньян АҚШ-тың қысымынан соң келіссөз өткізуге мәжбүр болған-мыс" деп пайымдау жағдайды қайтадан бұрынғы қалпына түсіруі мүмкін деп ескертті. Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы мамырдың 6-сы күні АҚШ-ты Пхеньянға қатысты "жорта арандатты" және қазіргі "диалог ахуалын" бұзуға тырысып отыр деп айыптады.
"Корей түбегіндегі ахуал бейбітшілік пен бітімге қарай бет бұрған шақта АҚШ Солтүстік Кореяны жорта арандатып отыр", - деп мәлімдеген Пхеньян өкілі.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын жақын бірнеше аптаның ішінде кездесуі тиіс. Бұған дейін, мамырдың 4-і күні Трамп Ким Чен Ынмен келіссөз өткізетін орын белгіленгені туралы мәлімдеген, бірақ оның нақты қай жерде өтетінін ашып айтпаған.