Accessibility links

Геннадий Головкин 38-кездесуін нокаутпен ұтты


Геннадий Головкин (сол жақта) мен Ванес Мартиросян жекпе-жегі. АҚШ, 5 мамыр 2018 жыл.
Геннадий Головкин (сол жақта) мен Ванес Мартиросян жекпе-жегі. АҚШ, 5 мамыр 2018 жыл.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мамырдың 5-інде (Астана уақыты бойынша жексенбі күні таңертең) АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында өткен кездесудің екінші раундында америкалық Ванес Мартиросянды нокаутпен жеңді.

Оқи отырыңыз: Головкин Мартиросянды екінші раундта құлатты

Бұл 36 жастағы Головкиннің кәсіпқой бокстағы 38-жеңісі (34 кездесуін нокаутпен ұтқан). Осымен 39 рет жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы бұның алдында 2017 жылы қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен тең түскен болатын.

32 жастағы Мартиросян осымен кәсіпқой бокстағы 41 кездесуін өткізіп, төртінші рет жеңілді. Ол 36 кездесуде жеңіп, бір жекпе-жекті тең аяқтаған.


Головкин бүгінгі кездесу нәтижесінде WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Қазақстандық боксшы - IBF тұжырымы бойынша да әлем чемпионы. Бірақ IBF (Халықаралық бокс федерациясы) бұл жекпе-жекке санкция салып, Головкинге IBF белбеуін қорғауға рұқсат бермеген. Ұйым Головкин IBF белбеуін қорғау үшін украиналық Сергей Деревянченкомен кездесуі тиіс деп санайды.

XS
SM
MD
LG