Accessibility links

Сирияда Ресей тікұшағы апатқа ұшырады


Ка-52 тікұшағы.
Ка-52 тікұшағы.

Сирияда ресейлік Ка-52 әскери тікұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш мерт болды. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған РИА Новости ақпарат агенттігі хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, апат Сирияның шығыс аудандарында жоспарлы ұшу кезінде болған. Екі ұшқыштың денесі аэродромға жеткізілген. Ресей тікұшақ техникалық ахаулардан кейін апатқа ұшырады деп санайды.

Ка-52 әскери тікұшағы 2010 жылдан бері Арсеньевтегі "Прогресс" зауытында шығарылады. Тікұшақ барлау жүргізуге, танктер мен әскери техникаларды, ұшақтарды жоюға арналған.

Бірнеше күн бұрын Сирияда Ресейдің Cy-30 ұшағы құлап, екі ұшқыш қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG