Accessibility links

Роухани: АҚШ Иранмен келісімнен шығып, тарихи қателік жасады


Иран президенті Хасан Роухани
Иран президенті Хасан Роухани

АҚШ президенті Дональд Трамптың өз елі Иранның ядролық бағдарламасын дамыту туралы көпжақты келісімнен шыққаны туралы мәлімдемесін Тегеран "тарихи қателік" деп атады.

Иран президенті Хасан Роухани АҚШ аталған келісімді бекіткен жалғыз мемлекет емес, сондықтан өзге тараптардың бұған қатысты реакциясын күте тұрамыз деп мәлімдеді. Мамырдың 8-і күні кешке телеарнадан жасаған үндеуінде Роухани Тегеранның 2015 жылы алты мемлекетпен жасасқан ядролық келісім бойынша алған міндеттемелерін орындауға бейіл екенін айтқан. Егер Тегеранға келісімге қатысушы өзге тараптармен бірге алға қойған мақсатқа қол жеткізудің сәті түссе, онда Иран келісімнен шықпайды деп атап көрсеткен.


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Дональд Трампқа "тарихи қадам" жасағаны үшін алғыс білдірген. Израиль үкіметі Голан жотасындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұйғарған. Бомбадан жасырыну орындары ашылып, өзін-өзі қорғау күштері жоғары дайындыққа келтірілген.

Франция президенті Эммануэль Макрон Вашигтонның шешімі Германия, Ұлыбритания мен Францияны өкінішке қалдырғаны туралы мәлімдеген.

АҚШ-тың Иранмен жасалған ядролық келісімнен шыққанына байланысты бұл келісімге қатысушы тағы бір ел – Ресей де қынжылыс білдірген. Федерация кеңесі өкілдері мұндай қадамның кері әсері туралы ескерткен. Мемлекеттік дума мүшелері де Трамптың шешімі ауыр салдарға әкелуі мүмкін деп санайды.

XS
SM
MD
LG