Accessibility links

Назарбаев Пашинянға құттықтау жолдады


Ақорда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы.
Ақорда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения премьер-министрі қызметіне сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдаған. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта Назарбаев Арменияның жаңа үкімет жетекшісі халқының әлеуметтік "әл-ауқатын арттыратын саясатты жалғастырады" деп сенетінін білдірген.

"Қазақстан мен Армения арасындағы достық пен өзара түсіністік қатынастар екі елдің өзара ықпалдастығын дәстүрлі серіктестік рухында кеңейте түсу үшін және халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да берік негіз бола береді деп сенемін", – делінген құттықтау жеделхатында.


Мамырдың 8-і күні Армения парламенті оппозиция лидері, "Елк" партиясының жетекшісі Никол Пашинянды ел премьер-министрі етіп сайлаған. Жаңа президентті сайлау үшін депутаттар екі мәрте дауыс берген еді.

Оқи отырыңыз: Никол Пашинян Армения премьері болды

Никол Пашинян Арменияда кейінгі үш апта бойы жалғасқан жаппай қарсылық шеруінен кейін үкімет жетекшілігіне келіп отыр. Тұрғындар наразылығына бұрын қатарынан екі мерзім ел президенті болған Серж Саргсянның сәуір айында парламенттегі көпшілік орынға ие өз партиясының қолдауымен премьер-министр болып сайлануы себеп болған. Алайда бұл қызметте бірнеше күн ғана отырған Саргсян жаппай наразылықтың қысымымен отставкаға кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG