Accessibility links

БАҚ: Вексельбергке жақын фирма Трамп адвокатына ақша аударған


Адвокат Майкл Коэн.
Адвокат Майкл Коэн.

АҚШ президенті Дональд Трамптың жеке адвокаты Майкл Коэннің құрған Essential Consultants компаниясына бір миллион доллардан астам ақша аударған бірнеше фирманың арасында ресейлік олигарх Виктор Вексельбергпен байланысы бар америкалық компания және қаржы жағдайына Ақ үйдің қазіргі әкімшілігі ықпал ете алатын бизнес түрлері, соның арасында мысалы, швейцариялық ірі фармацевтикалық Novartis компаниясы да бар. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасап New York Times басылымы хабарлады.

Газеттің жазуынша, әлгі компаниялар қаржыны Трамп АҚШ президенті болып сайланбай тұрып аудара бастаған және биылғы қаңтарға дейін олардан қаржы түсіп тұрған.


Вексельбергтің бақылауындағы компания Essential Consultants L.L.C компаниясына жарты миллион доллар аударған Нью-йорктегі Columbus Nova инвестициялық фирмасының бас клиенті болып саналады. Ресми құжат бойынша әлгі ақша олигархқа еш қатысы жоқ консалтингтік қызмет үшін төленген. Және ол төлем АҚШ билігі Вексельбергті санкция тізіміне енгізгенге дейін жасалған.

Бұған қоса Вексельбергтің туысы әрі Columbus Nova компаниясын басқаратын АҚШ азаматы Эндрю Интратер АҚШ республикалық партиясына ретінде және Трамптың инаугурация рәсіміне қайырымдылық көмек ретінде 300 мың доллар аударған.

Коэнге төленген ақша мен Трамптың пайдасына қайырымдылық қаржысын бөлу туралы АҚШ арнайы прокуроры Роберт Миллер жетекшілік ететін топ тергеушілері биылда АҚШ-қа сапармен барған Вексельбергтен жауап алған. Мюллер 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауы кезінде Кремль мен Трамптың арасында мәміле болған я болмағанын анықтау мақсатымен тексеру жүргізіп жатыр. Майкл Коэннің кәсіпкерлік қызметі АҚШ прокуратурасының тергеуіне іліккен.

XS
SM
MD
LG