Accessibility links

Алматыда "Мәңгі өлмес полк" акциясы өтті


Алматыда ұйымдастырылған "Мәңгі өлмес полк" шеруі. 9 мамыр 2018 жыл.
Алматыда ұйымдастырылған "Мәңгі өлмес полк" шеруі. 9 мамыр 2018 жыл.

Бүгін Алматыда ұйымдастырылған "Мәңгі өлмес полк" шеруіне мыңдаған адам қатысты. Қолдарына Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарының суреттерін ұстап шыққан адамдар қаладағы Астана алаңынан шығып, Төле би, Достық және Қазыбек би көшелерімен 28 панфиловшы жауынгер атындағы саябаққа дейін жүріп барған.

Соңғы бірнеше жылдан бері мамырдың 9-ы - Жеңіс күні Ресейдің көптеген қалаларымен бірге постсоветтік елдердің кейбірінде "Мәңгі өлмес полк" шеруі өткізіліп келеді.


Тәжікстан астанасы Душанбеде биыл жергілікті билік "Мәңгі өлмес полк" акциясын өткізуді сұраған ардагерлер одағының өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан. Бұған дейін әлемде орыс мәдениетін насихаттаумен айналысатын "Россотрудничество" ұйымының осы елдегі өкілдігі "Мәңгі өлмес полк" шеруі өте қалса, соғыс ардагерлерінің суреттері мен 9 мамырға арналған транспаранттарды тегін әзірлеуге дайындығын білдірген. Душанбе былтыр да бұл шараны өткізуге рұқсат етпеген болатын. Алайда соғысқа қатысқан туыстарының суреттерін көтерген бірнеше жүз адам Душанбе көшесімен жаяу жүріп өткен.

Биыл Беларусь астанасының билігі де Жеңіс күніне арналған өзге шаралар жоспарланғанын алға тартып, Минскіде "Мәңгі өлмес полк" шеруін өткізуге рұқсат беруден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG