Accessibility links

Иран парламентінде АҚШ туы мен ядролық келісім көшірмесін өртеді


Тегеранмен жасалған ядролық келісімнен АҚШ-тың шыққаны туралы президент Дональд Трамптың мәлімдемесіне наразы Иран парламенті мүшелері АҚШ туы мен ядролық келісім құжатының көшірмесін өртеп жатыр. Тегеран, 9 мамыр 2018 жыл.
Тегеранмен жасалған ядролық келісімнен АҚШ-тың шыққаны туралы президент Дональд Трамптың мәлімдемесіне наразы Иран парламенті мүшелері АҚШ туы мен ядролық келісім құжатының көшірмесін өртеп жатыр. Тегеран, 9 мамыр 2018 жыл.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Тегеран мен алты держава арасында жасалған келісімнен АҚШ-тың шыққаны туралы президент Дональд Трамптың мәлімдемесіне наразылық танытқан Иран парламентінде бүгін АҚШ туы мен ядролық келісім құжатының көшірмесін өртеді деп хабарлады ирандық басылымдар.

Оқиға сәрсенбі күні парламенттің таңертеңгі отырысында болған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иран парламенті үкіметті АҚШ шешіміне "өзара сай және тепе-тең" жауап беруге шақырған.


Мамырдың 8-і күні АҚШ президенті Трамп Иран мен алты держава арасында Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған келісімнен Вашингтонның шыққаны туралы мәлімдеген.

2015 жылы шілдеде Иран мен алты мемлекет - АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Франция арасында қол қойылған келісім бойынша, Тегеран ядролық бағдарламасын шектейтін болса Иранға қарсы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі салған халықаралық санкцияларды және АҚШ пен Еуропа Одағының санкцияларын жұмсарту көзделген еді.

XS
SM
MD
LG