Accessibility links

БАҚ: Израиль Сирия әскери базаларын атқылаған


Ресей президенті Владимир Путин мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху (сол жақта) Жеңіс күніне арналған әскери парадты тамашалап тұр. Мәскеу, 9 мамыр 2018 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху (сол жақта) Жеңіс күніне арналған әскери парадты тамашалап тұр. Мәскеу, 9 мамыр 2018 жыл.

Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары мен тәуелсіз дереккөздер сәрсенбіге қараған түні Дамаскінің оңтүстігіндегі үкіметтің әскери базасына зымыранмен шабуыл жасалғанын хабарлады. Израиль күштері әскери базаға АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранмен ядролық келісімнен шыққанын мәлімдегеннен кейін соққы берген.

Сириялық SANA ақпарат агенттігігің мәліметінше, зымырандар атып түсірілген. Лондонда орналасқан сириялық адам құқығын бақылайтын орталық өз дереккөзіне сүйеніп, атқылау кезінде ирандық әскери техникалардың жойылғанын және ирандық немесе Иранды қолдайтын бірнеше әскери адамның қаза тапқаны туралы хабарлады.

Израиль қорғаныс министрлігі бұл жолы да Сириядағы нысандарға зымыран соққысын жасауына байланысты пікір білдірмеді.


Бұған дейін Трамптың Иранмен алты держава арасында 2015 жылы жасалған келісімінен шығатыны туралы өткен аптадағы мәлімдемесінен кейін Израиль Голан жотасындағы әскерін жоғары дайындыққа көшірген. Израиль "Сириядағы Иран күштерінің шектен тыс белсенділігін" байқағаннан кейін осындай шара қабылдаған.

Израиль Иранды Сирия территориясын агрессия ретінде пайдалануға ұмтылып отыр деп айыптайды. Бүгін Мәскеуде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуінің негізгі тақырыбы Сирия мәселесіне арналады деп жоспарланған. "Біздің кездесуіміз әрқашан да маңызды. Бірақ бұл кездесу дәл қазіргі кездегі Сириядағы жағдайға орай тіпті ерекше", - деген Израиль премьер-министрі.

Бүгін Нетаньяху Путинмен бірге Мәскеуде Қызыл алаңда өткен Жеңіс күніне арналған әскери парадқа қатысты.

XS
SM
MD
LG