Accessibility links

Порошенко: Ресей халықаралық құқықты таптады


Украина президенті Петр Порошенко (мінберде) әскерилер алдында сөйлеп тұр. Киев, 9 мамыр 2018 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко (мінберде) әскерилер алдында сөйлеп тұр. Киев, 9 мамыр 2018 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко нацизмге қарсы күрестегі Жеңіс мерекесіне арналған шарада сөйлеген сөзінде Ресейді халықаралық құқықты аяқасты етіп, әлемнің бейбіт тәртібін бұзды, шекара мойындамай, "тұтас халықтардың өмір сүру" құқығын жоққа шығарды және көрші елдерге агрессия жасап отыр деп айыптады.

Бұған қоса Порошенко Совет одағы екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы екі жылында гитлерлік Германияның одақтасы болғаны туралы мәлімдеді деп хабарлайды "Украинская правда" басылымы.


Бүгін Украинада нацизмге қарсы күрестегі Жеңіс күніне арналған бір жарым мыңға жуық көпшілік шара өткізілді, оның бірнешеуі Киевте ұйымдастырылды. Акциялардың арасында "Мәңгі өлмес полк" шеруі де бар. Украина билігі көпшілік шарада советтік сиволика мен қазіргі Ресейде Жеңіс күні белгісі саналатын Георгий лентасын пайдалануға тыйым салған.

Мамырдың 9-ы - Жеңіс күні мейрамына арналған парадтар мен шерулер Украинаның Киевке бағынбайтын аймақтарында – ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Донбастағы және 2014 жылы Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінде қалаларда да өткізілді.

XS
SM
MD
LG