Accessibility links

Нығматулин Еуропарламент делегациясымен кездесті


"Қазақстан - Еуропа Одағы" парламенттік ынтымақтастығы комитетінің тең төрайымы Ивета Григуле мен Қазақстан парламенті мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин. Астана, 10 мамыр 2018 жыл (Сурет мәжілістің ресми сайтынан алынды).
"Қазақстан - Еуропа Одағы" парламенттік ынтымақтастығы комитетінің тең төрайымы Ивета Григуле мен Қазақстан парламенті мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин. Астана, 10 мамыр 2018 жыл (Сурет мәжілістің ресми сайтынан алынды).

Парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин Еуропа парламентнің депутаттарымен кездесті деп хабарлайды мәжілістің ресми сайты.

"Қазақстан - Еуропа Одағы" парламенттік ынтымақтастығы комитетінің тең төрайымы Ивета Григуле мен Нұрлан Нығматулин кездесуде Қазақстан мен Еуропа Одағы (ЕО) арасындағы әріптестік қарым-қатынасты кеңейтуді талқылаған. Григуле кездесуде ЕО Қазақстанды қашанда аймақтағы басты серіктес деп санайтынын, Қазақстанның Сирия дағдарысын бейбіт жолмен шешу және Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруды келіссөзбен реттеу бастамасын қолдайтынын айтқан.

Нығматулин ЕО-ның аймақ елдерімен әріптестігі бойынша жаңартылған стратегиясын қабылдауы "бірлескен өзара тиімді жобаларды іске асыруда жаңа мүмкіндіктер ашатынын" айтқан.

Астанада бүгін Еуропа елдерінің елшіліктері орналасқан ауданда ондаған адам көшеге шығып, Қазақстанда саяси тұтқындарға бостандық беруді және азаптауды тоқтатуды талап еткен. Жиынға келген ондаған адамды полиция арнайы жасағы күшпен ұстап, автобустарға тиеп алып кеткен. Жоғарыда аталғандай талап қойған митингілер Алматы, Семей, Шымкент, Ақтөбе, Оралда да өткен.

XS
SM
MD
LG