Accessibility links

Ангела Меркель Хассан Роуханимен телефонмен сөйлесті


Ангела Меркель, Германия канцлері.
Ангела Меркель, Германия канцлері.

Германия канцлері Ангела Меркель Иранның Голан жоталарындағы Израиль әскерилеріне шабуыл жасағанын айыптады. Бұл жайында Германия канцлері Ангела Меркель Иран президенті Хассан Роуханимен телефонмен сөйлескенінде мәлімдеді деп хабарлайды Германия үкіметінің ресми өкіліне сілтеме жасаған Reuters агенттігі. Меркель Тегеранды Таяу Шығыстағы қақтығысты бәсеңсітуге жәрдемдесуге шақырып, аймақта соғыс тұтану қаупі төніп тұрғанын ескертті.

Канцлер бұдан өзге Германияның Франция және Ұлыбританиямен бірге Иранмен жасасқан ядролық келісім шарттарын сақтайтынын айтты. Меркельдің сөзінше, келісімге қол қойған елдер Иранның ядролық бағдарламасын Сирия және Йеменді қатыстырып талқылау керек.


2015 жылы шілдеде Иран мен алты мемлекет - АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Франция арасында қол қойылған келісім бойынша, Тегеран ядролық бағдарламасын шектейтін болса Иранға қарсы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі салған халықаралық санкцияларды және АҚШ пен Еуропа Одағының санкцияларын жұмсарту көзделген еді.

8 мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың ядролық келісімнен шыққанын мәлімдеген. Келісімге қол қойған өзге елдер Вашингтонның бұл қадамына өкініш білдірген.

XS
SM
MD
LG