Accessibility links

Ақтөбе облысы әкімдігіне көлікпен кірген адам сотталды


Ақтөбе облыстық әкімдігі ғимараты.
Ақтөбе облыстық әкімдігі ғимараты.

14 мамыр күні Ақтөбенің әкімшілік соты облыстық әкімдік есігін жеке көлігімен бұзып кірген Бауыржан Анапинді он тәулікке қамау туралы қаулы шығарды. Сот жергілікті тұрғын Бауыржан Анапиннің үстінен әкімшілік кодекстің "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

- Бауыржан Анапин 12 мамыр күні ішімдік ішкен күйі Ақтөбенің Әбілқайыр хан даңғылындағы облыстық әкімдік көлігінің есігін жеке көлігімен бұзып кірді. Қоғамдық орында жұртты тілдеп, қоғамдық тәртіпті бұзды, - деп жазылған облыстық сот хабарламасында.

Ақтөбе облыстық ІІД мәліметінше, 12 мамыр күні сағат 11.56 шамасында полицияның жедел басқару пультіне Nissan Patrol маркалы автокөлікті ішімдік ішкен азаматтың жүргізіп келе жатқандығы туралы хабар түскен. Алайда, көлік жүргізушісі полицияның қозғалысты тоқтату туралы талабын орындамай, облыстық әкімдік ғимаратының орталық есігіне барып соғылған.

Полиция автокөлік рөлінде болған 53 жастағы Бауыржан Анапиннің бұрын отбасының шырқын алып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған айтады. Наркология орталықтың мәлімдеуінше, оның оқиға болған күні ішімдік ішкенін анықталған.

XS
SM
MD
LG