Accessibility links

Белсенді Айдын Егеубаев бес тәулікке қамалды


Белсенді Айдын Егеубаев.
Белсенді Айдын Егеубаев.

Айдын Егеубаев Қазақстан Әкімшілік кодексінің "құқық қорғау қызметкерлеріне бағынбау" бабы бойынша жазаға тартылып, бес тәулікке қамалды. Сот 14 мамырда Астана қалалық әкімшілік сотында өтті.

Судья Ұлдана Сүлейменова залда видео түсіруге рұқсат етпеді. Сот барысында 10 мамыр күні Астанадағы "саяси тұтқындарды босатуды" талап еткен наразылық шарасы кезінде Айдын Егеубаевтың ұсталу сәті түсірілген видео көрсетілді.

Егеубаев полицияның өзіне күш көрсету салдарынан денсаулығына зиян келгенін айтса, митинг кезінде наразыларды ұстаған тәртіп сақшылары оны жоққа шығарды.

Судья Сүлейменова белсенді Айдын Егеубаев 11 мамыр күні сағат бір шамасында Астана қалалық Ішкі істер департаменті маңында рұқсатсыз, құқық қорғау қызметкерлерінің ескертпесіне бағынбастан смартфонға видео түсіргені үшін айыпты деп танылғанын айтты.

10 мамырда Астана, Алматы және бірнеше облыс орталығында "саяси тұтқындарды босату" және "түрмедегі азаптауларды тоқтатуды" талап еткен наразылық шарасы өткен. Наразылық шарасына келген ондаған адамды полиция ұстаған.

XS
SM
MD
LG