Accessibility links

Кемероводағы "Зимняя вишня" сүріле бастады


"Зимняя вишня" сауда орталығындағы сүру жұмыстары.
"Зимняя вишня" сауда орталығындағы сүру жұмыстары.

15 мамырда Ресейдің Кемерево қаласында "Зимняя вишня" сауда орталығын сүру жұмыстары басталды. Бұл туралы "Сибирь.Реалии" сайты хабарлады. "Зимняя вишня" сауда орталығын сүру туралы шешім 25 наурызда болған өрттен кейін қабылданған.

Ғимаратты сүру шығынын "Зимняя вишня" сауда ортылығы иелері өз мойындарына алған. Бірақ ғимараттың кей иелері сүру жұмыстарын бастауға келісім бермеген.

Наурыздың 25-і күні Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен 64 адам (арасында 41 бала бар) ажал құшқан. Ресейдің Кемерово облысын ұзақ жылдар бойы басқарып келген 73 жастағы Аман Төлеев оқиғадан кейін отставкаға кеткен.

XS
SM
MD
LG