Accessibility links

Ресей халқы аза тұтып жатыр

Өрт құрбандарын жерлеу рәсімі. Кемерово, 28 наурыз 2018 жыл.

Ресей Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда үйіндегі өрттен қаза тапқандарды аза тұтып жатыр. Елде наурыздың 29-ына дейін қаралы күн жарияланған.

Ресей төтенше жағдайлар вице-министрі Владлен Аксенов наурыздың 28-і күні "өрттен кейін бірнеше адам із-түссіз жоғалды" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, апаттан 64 адамның көз жұмғанын, олардың 41-і бала екенін айтты.

Ресей үкіметі жарақаттанғандар саны 76 адамға өскенін, олардың 25-і ауруханада жатқанын хабарлады. Қаза тапқан 27 адамның кім екені анықталып, мәйіттері туысқандарына берілген. Наурыздың 28-і күні 21 адам жерленгені хабарланды.

Төтенше жағдайлар министрлігі қалған құрбандардың кім екенін анықтау үшін ДНК сараптамасы керектігін, оның қортындысы екі аптадан кейін шығатынын мәлімдеді.

Ресейдің әр қаласында мыңдаған адам өрт құрбандарын аза тұтып, орталық алаңдарға гүл шоқтарын қойып жатыр. Наурыздың 28-і күні Ресейде тулар төмен түсірілген. Елдің қайта сайланған президенті Владимир Путин наурыздың 27-сі күні Кемеровоға сапарында "апатқа кінәлілар жазаланатынын" айтты.

Видео: Өрт құрбандарын аза тұту​

Өрт құрбандарын аза тұту
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

Наурыздың 27-і күні жүздеген адам Кемероводағы орталыққа шығып, өрт себептерін әділ тексеруді, аймақ билігінің отставкаға кетуін, Путинмен кездесуді талап етті. Наразылар "Коррупцияны тоқтат", "Биліктен кет", "Шындықты айтыңдар" деген плакат-баннерлер ұстап шықты.

Кемерово облысының бірінші вице-губернаторы Владимир Чернов наурыздың 27-і күні Кемеровода өрт себептерін шынайы және ашық тергеп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап еткен стихиялы митингті "биліктің беделін түсіруді көздеген, ұйымдастырылған акция" деп мәлімдеді.

"Ол жерде не болып жатқанын түсінбейтін қызба жастар көп болды" деді Чернов. Вице-губернатор сонымен қатар облыс губернаторы Аман Тулеевтің митингіге жиналған жүздеген адамның алдына шықпағанын "дұрыс" деп атады.

Кемерово орталығына жиналған халық. 27 наурыз 2018 жыл.

​Кемероводағы өрт құрбандарын еске алу шаралары Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Қазақстанның Астана, Алматы, Петропавл қаласында өтті. Беларусь президенті Александр Лукашенконың бұйрығымен наурыздың 28-і күні елде тулар төмен түсіріліп, телеарналарда ойын-сауық бағдарламалар мен концерттер кейінге шегерілген.

Кемеровода өрт құрбандарын жерледі

Туыстарының айтуынша, өрттен қаза болғандар арасында 41 бала бар
1/9 Туыстарының айтуынша, өрттен қаза болғандар арасында 41 бала бар
Наурыздың 28-інде Ресейдің Кемерово қаласында осыдан үш күн бұрын "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрттен қаза болған 13 адамды жерледі деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Ресми ақпарат бойынша, өрт салдарынан барлығы 64 адам (41 бала) ажал құшқан.
Қаралы рәсімдер қаладағы шіркеулер мен төрт зиратта өткізілді
2/9 Қаралы рәсімдер қаладағы шіркеулер мен төрт зиратта өткізілді
Наурыздың 28-інде Ресейдің Кемерово қаласында осыдан үш күн бұрын "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрттен қаза болған 13 адамды жерледі деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Ресми ақпарат бойынша, өрт салдарынан барлығы 64 адам (41 бала) ажал құшқан.
Сейсенбі күні құтқарушылар өрт болған жердегі іздеу-құтқару жұмыстарын аяқтаған. Өртеніп кеткен ғимараттан 64 адамның сүйегі табылды деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрі орынбасары Владлен Аксенов
3/9 Сейсенбі күні құтқарушылар өрт болған жердегі іздеу-құтқару жұмыстарын аяқтаған. Өртеніп кеткен ғимараттан 64 адамның сүйегі табылды деп хабарлады Ресей Төтенше жағдайлар министрі орынбасары Владлен Аксенов
Наурыздың 28-інде Ресейдің Кемерово қаласында осыдан үш күн бұрын "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрттен қаза болған 13 адамды жерледі деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Ресми ақпарат бойынша, өрт салдарынан барлығы 64 адам (41 бала) ажал құшқан.
Наурыздың 25-і, жексенбі күні "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз
4/9 Наурыздың 25-і, жексенбі күні "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз
Наурыздың 28-інде Ресейдің Кемерово қаласында осыдан үш күн бұрын "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрттен қаза болған 13 адамды жерледі деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Ресми ақпарат бойынша, өрт салдарынан барлығы 64 адам (41 бала) ажал құшқан.
Өртте құрбандарын ақтық сапарға шығару рәсімі
5/9 Өртте құрбандарын ақтық сапарға шығару рәсімі
Наурыздың 28-інде Ресейдің Кемерово қаласында осыдан үш күн бұрын "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрттен қаза болған 13 адамды жерледі деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Ресми ақпарат бойынша, өрт салдарынан барлығы 64 адам (41 бала) ажал құшқан.
Өрт құрбандарымен қоштасуға келгендердің көбі жылады
6/9 Өрт құрбандарымен қоштасуға келгендердің көбі жылады
Наурыздың 28-інде Ресейдің Кемерово қаласында осыдан үш күн бұрын "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрттен қаза болған 13 адамды жерледі деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Ресми ақпарат бойынша, өрт салдарынан барлығы 64 адам (41 бала) ажал құшқан.
"Зимняя вишняя" сауда орталығындағы өртте қаза болған 10 жасар Мария Агаркованы туыстары жоқтап жатыр
7/9 "Зимняя вишняя" сауда орталығындағы өртте қаза болған 10 жасар Мария Агаркованы туыстары жоқтап жатыр
Наурыздың 28-інде Ресейдің Кемерово қаласында осыдан үш күн бұрын "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрттен қаза болған 13 адамды жерледі деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Ресми ақпарат бойынша, өрт салдарынан барлығы 64 адам (41 бала) ажал құшқан.
Зират басындағы қоштасу
8/9 Зират басындағы қоштасу
Наурыздың 28-інде Ресейдің Кемерово қаласында осыдан үш күн бұрын "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрттен қаза болған 13 адамды жерледі деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Ресми ақпарат бойынша, өрт салдарынан барлығы 64 адам (41 бала) ажал құшқан.
Жақын адамын қара жер қойнауына тапсырар алдында марқұммен қоштасып жатқан адамдар
9/9 Жақын адамын қара жер қойнауына тапсырар алдында марқұммен қоштасып жатқан адамдар
Наурыздың 28-інде Ресейдің Кемерово қаласында осыдан үш күн бұрын "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрттен қаза болған 13 адамды жерледі деп хабарлады ақпарат агенттіктері. Ресми ақпарат бойынша, өрт салдарынан барлығы 64 адам (41 бала) ажал құшқан.
Previous slide
Next slide

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Кемероводағы өрттен кейін елдегі сауда орталықтарды тексеруге тапсырма берді.

Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт 25 наурыз күні күндіз болған. Ресми мәлімет бойынша, өрттен 64 адам қаза тапқан. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз.

Видео: "Кемерово трагедиясы Қазақстанға сабақ болуы тиіс"

"Кемерово трагедиясы Қазақстанға сабақ болуы тиіс"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00

Айдар
XS
SM
MD
LG