Accessibility links

Қазақстан Газадағы қақтығысты тоқтатуға шақырды


Палестиналықтар Израиль әскері қолданған көзден жас шығаратын газдан қашып құтылуға ұмтылып жатыр. 14 мамыр 2018 жыл
Палестиналықтар Израиль әскері қолданған көзден жас шығаратын газдан қашып құтылуға ұмтылып жатыр. 14 мамыр 2018 жыл

Қазақстан “палестиналықтар мен израильдықтар арасында жағдай онан сайын ушығып кетпес үшін” тараптарды ұстамдылық көрсетіп, тыныштық сақтауға шақырды.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бүгін қазақстандық делегацияның БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға арналған төтенше сессиясына қатысқанын хабарлады.

БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров және сыртқы істер министрлігінің айтуынша, Астана Израиль мен Газа секторы арасындағы шекарада палестиналықтардың наразылық шарасын басу кезінде бейбіт тұрғындардың зардап шеккені туралы ақпаратқа "қатты алаңдаған".

“Қазақстан халықаралық қауымдастықты күш қолдануды тез арада тоқтату үшін түпкілікті шаралар қолдануға шақырады” деп СІМ БАҚ-қа арналған хабарламада Қайрат Омаровтың сөзін келтірген.

Сейсенбі күні Газада Израиль әскерінің қолынан қаза тапқан ондаған палестиналықтар жерленді. Дәл сол уақытта Газа секторымен шекарада Израиль әскері палестиналықтардың наразылық шарасының жалғасып кетпеуін қадағалап тұрды.

Апта басында Иерусалимде АҚШ елшілігі ашылып, Газа секторымен шекарада палестиналықтар мен Израиль әскері қақтығысып, ондаған адам өлген.

XS
SM
MD
LG